Пана Оралбаев. Долгая жизнь в трудах.
Пана Алиевич Оралбаев родился 23 февраля 1919 года в селении Кокарал, Аральского района Кзыл-Ординской области. Получил высшее образование – с отличием закончил физико-математический факультет Казахского Национального университета имени С.М.Кирова.
В 1941 году был призван в ряды Красной Армии, прошел войну, был ранен, награжден.
В 1946 году после демобилизации назначен директором казахской средней школы города Челкар Актюбинской области. За доблестный труд в 1948 году награжден знаком «Отличник народного просвещения Казахской ССР».
Оралбаев П. А. в 1953 году был приглашен на работу в аппарат Челкарского райкома партии, работал заведующим партийной библиотеки и отдела партийно-организационной работы.
В ноябре 1960 года был избран вторым, затем первым секретарем Уилского райкома партии.
В дальнейшем Пана Алиевич Оралбаев работал:
1963-1965 гг. — председателем Новороссийского районного партийно-государственного контроля:
1965-1970 гг. – вторым секретарем Новороссийского районного комитета партии:
1970-1980 гг. – председателем Актюбинского районного исполнительного комитета народных депутатов.
П.А.Оралбаев после выхода на заслуженный отдых до 1990 года работал начальником отдела кадров № 2577 колонны в городе Актюбинсеке.
Среди его многочисленных учеников более 10 человек стали докторами наук, около 20 кандидатами наук. Много среди них руководителей районного и областного уровня: Рамазан Нуржанов, Закиратдин Байдосов, Мухамбетказы Тажин, Ануар Бекмуратов, Шудабай Каласов, Саудагазы Есбосынов, Нуралы каниев, Бибиталы Оразаев и другие
На работе он отличался профессионализмом, организаторскими способностями, требовательностью. Особое внимание уделял нуждам населения, своевременно решал поставленные задачи. Даже на заслуженном отдыхе не сидел сложа руки, активно участвовал в общественной работе, вел патриотическо-воспитательную работу среди молодежи. Земляки тепло приняли написанные им книги «Адал еңбек — азамат абыройы», «Өнегелі істер».
За долгий добросовестный труд Пана Алиевич награжден государственными наградами, орденами «Октябрьской революции», дважды «Трудового Красного знамени», «Отечественной воины II степени», «Знак почета», дважды награждался Почетной грамотой Верховного совета Казахской ССР и около десятью медалями.
Пана Алиевич неоднократно избирался депутатом районных, областных советов народных депутатов, участвовал делегатом на XII съезде Коммунистической партии Казахской ССР.
Участвовал в параде в честь 50-летия Победы в Великой отечественной войне в городе Алматы и был в числе тех, кто принимал парад в честь 60-летия Победы в Великой отечественной войне в городе Актобе.
Оралбаев Пана Алиевич почетный гражданин города Актобе, Хромтауского и Шалкарского районов Актюбинской области.
Пана Алиевич прожил долгую и счастливую супружескую жизнь с супругой, ветераном народного образования Кумис Бактияровной (ее не стало в марте 2007 года). Вместе они воспитали семерых детей. В настоящее время Пана Алиевич передает свои опыт и знания внукам и правнукам.
*****
П.Ә.Оралбаев 1919 жылы 23 ақпанда Қызылорда облысының Арал ауданындағы Көкарал бірінші түбегінде дүниеге келген. Жоғары білімді — Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің физика-математика факультетін үздік бітірген. 1941 жылы Ұлы Отан соғысының басталуына байланысты Кеңес Армиясы қатарынан шақырылып, соғыс майдандарында елді неміс-фашист басқыншыларынан азат етуге қатысты. «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған. 1946 жылы әскер қатарынан оралғаннан кейін Ақтөбе облысының Шалқар қаласында қазақ орта мектебінің директорлығына тағайындалды. Бұл қызметті абыройлы атқарғаны үшін оған 1948 жылы «Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі» белгісі берілді.
П.Ә.Оралбаев 1953 жылы Шалқар аудандық партия комитетінің аппаратында қызмет істеуге шақырылып, алғашқыда партия кітапханасының меңгерушісі, кейін ұйымдық-партиялық жұмыс бөлімінің меңгерушісі болды. 1960 жылы қараша айында Ойыл аудандық партия комитетінің екінші хатшылығына, кейін бірінші хатшысы болып сайланды.
Пана Әлиұлының бұдан кейінгі өмір жолы төмендегідей болып өрнектеледі:
10.12.1963 – 14.01.1965 – Новоресей аудандық партиялық-мемлекеттік бақылау комитетінің төрағасы;
1965-1970 жылдары – Новоресей аудандық партия комитетінің екінші хатшысы;
1970-1980 жылдары – Ақтөбе аудандық халық депутаттары кеңес атқару комитетінің төрағасы.
П.Ә.Оралбаев республикалық дәрежедегі дербес зейнет демалысына шыққан соң 1990 жылға дейін Ақтөбе қаласында № 2577 колоннаның кадр бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді. Оның алдынан түлеп ұшқан шәкірттердің үлкен тобы 10-нан астамы ғылым докторы, 20-дайы ғылым кандидаты, бір қатары аудан, облыс басшылары – Нұржанов Рамазан, Байдосов Зәкіратдин, Тәжин Мұхамбетқызы, Бекмұратов Әнуар, Қаласов Шудабай, Есбосынов Саудағазы, Қаниев Нұралы, Оразаев Бибіталы т.б.
Ол қай қызметте де іскерлігімен, ұйымдастырушылық қабілетімен, талап қойғыштығымен көзге түсті. Барлық уақытта адамдардың мақсат – мүддесіне сергек қарап, мәселелердің уақытында шешілуіне назар аударды. Зейнет демалысына шыққаннан кейін қол қусырып қарап отыруды жөн көрмей, қоғамдық жұмыстарға белсене араласты, жастар арасында патриоттық – тәрбие жұмыстарын өрістетуге ұйытқы болды. Оның қаламынан шыққан «Адал еңбек – азамат абыройы», «Өнегелі істер» кітаптарын жұртшылық жылы қабылдады.
Пана Әлиұлының ұзақ жылдарғы адал еңбегі лайықты бағаланып, «Октябрь революциясы», екі мәрте «Еңбек Қызыл Ту», «ІІ дәрежелі Отан соғысы», «Құрмет белгісі» ордендерімен, екі мәрте Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Құрмет Грамотасымен, онға жуық медальдармен марапатталды. Ол аудандық, облыстық кеңестердің депутаттығына әлденеше рет сайланды, Қазақстан Компартиясының ХІІ съезіне делегат болып қатысты. Ұлы Отан соғысының Жеңіспен аяқталуына 50 жылдығына арналып, Алматы қаласында өткізілген Парадқа қатысушылардың бірі, Ақтөбе қаласында Ұлы жеңістің 60 жылдығына арналған Парадты автокөлікпен қабылдаушылар санында болды. Ол Ақтөбе қаласының, Хромтау, Шалқар аудандарының құрметті азаматы.
П.Ә.Оралбаевтың зайыбы, халыққа білім беру ісінің ардагері Күміс Бақтиярқызымен (2007 жылы наурыз айында дүние салды) ұзақ жыл жарасты ғұмыр кешіп, отбасында жеті баланы тәрбиелеп өсірді. Қазір олардан немере-шөберелер сүйіп отырған ақылман ата.
Открыть материалы в Облаке
https://cloud.mail.ru/public/HBsH/AVJjrBU9m
или
https://drive.google.com/drive/folders/1QbaGOCiepxyKal5E4j7E2MX_xhf8LzXh?usp=sharing
Комментарии
Пана Оралбаев. Долгая жизнь в трудах. — Комментариев нет
HTML tags allowed in your comment: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>