Жубан Айжариков: внес значительный вклад в развитие сельского хозяйства Актюбинской области
Айжариков Жубан (1914, с.Колтабан №6 Байганинского района – 8.4. 1975, Байганинский р-н) – специалист, внесший весомый вклад в развитие сельскохозяйственной отрасли.
Заслуженный работник сельского хозяйства Казахской ССР (1973г.).
Окончил Уральский зооветеринарный техникум (1932), курсы повышения квалификации ветфельдшеров в Алматы (1937).В 1933-1935 гг.- фельдшер — ветеринар земотдела Байганинского района, в 1935-1936 гг. и 1937-1939 гг. – начальник ветучета Сагизского райземотдела, в 1939-1952 гг. – главный ветеринарный врач с.х., заведующий райотделом с.х., в 1952-1957 гг. главный ветеринарный врач Иргизского отдела с.х., председатель правления колхоза «Коминтерн» этого же района.
В 1957-1963 гг. – главный ветеринарный врач с.х. инспекции Байганинского район, секретарь райкома партии, второй секретарь, председатель райисполкома.
В феврале 1963 года в связи с расформированием Байганинского района назначен заместителем начальника Темирского территориального производственного управления – начальником инспекции.
В 1963-1975 гг. в период директорства в совхозе «Акжарский» Байганинского района хозяйство получило высокое социально-экономическое развитие.
Дважды награжден Почетной грамотой Верховного Совета Казахской ССР(1940, 1974), орденом Красной Звезды (1946), трижды орденом «Знак Почета» (1955, 1957, 1971), орденами Трудового Красного Знамени (1966), Ленина (1975).
1914 жылы наурыз айында №6 Көлтабан ауылында дүниеге келген. 1929-1932 жылдары Орал қаласындағы зооветеринарлық техникумында оқыған.
1933-1935 ж.ж. Байғанин ауданы жер бөлімінің ветеринар-фельдшері болып жұмыс жасайды.
1937 жылы Алматы қаласындағы Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринарлық институтында фельдшерлердің білімін көтеру курсын бітіріп келгеннен кейін аудандағы Сағыз зоотехникалық-ветеринарлық участогінің меңгерушісі болады.
1939 жылы компартия мүшелігіне қабылданады. Осы жылдан 1949 жылға дейін аудандық жер бөлімінің аға ветеринар дәрігері болып қызмет атқарады.
1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталған кезде ер азаматтардың майданға алынуына байланысты ауданда қоғамдық малды бағып-күту мәселесінде елеулі қиындық туындайды. Осы жағдайдан шығудың бірден-бір тиімді жолы ауданның оңтүстік өңірі – Сам жайылымын игеру жөніндегі бастамашының бірі Ж.Айжарықов еді. Өзінің міндетті қызметін атқара жүріп, ол соғыс жылдарының өне бойында Сам жайылымында қыстатуға жіберілген малды ауыл еңбеккерлеріне басшылық етті. Сол жылдарда ауданымызда мал басы өсіп, өнімділігінің молая түсуіне Айжарықовтың қосқан үлесі мол екені даусыз.
Ол 1949 жылы аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің меңгерушісі, 1951 жылы осы бөлімнің бас ветеринар дәрігері болды.
1952 жылы облысымыздың Ырғыз аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің бас ветеринар дәрігері, ал 1953 жылдан 1957 жылға дейін сол аудандағы «Коминтерн» колхозы басқармасының төрағасы болады.
1957 жылы Байғанин ауданындағы Байғанин МТС-інің аға ветеринар дәрігері болып қызметке келеді.
1958 жылдан 1962 жылға дейін аудандық партия комитетінің хатшысы, екінші хатшысы болады.
1962 жылы халық депутаттары Байғанин аудандық Кеңесінің төрағасы, 1963 жылы Темір аудандық аумақтық-өндірістік басқармасы бастығының орынбасары, ал 1963 жылдан өмірінің ақырына дейін «Ақжар» совхозының директоры болады.
1949-74 жылдар аралығында Байғанин, Ырғыз аудандары партия комитетінің мүшесі, 1949-51 жылдары Байғанин ауданы партия комитетінің бюро мүшесі, 1950-74 жылдарда Байғанин, Ырғыз аудандарында үздіксіз аудандық Кеңестің депутаты болып сайланады. Қызмет еткен жылдарында республикамыздың ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға белсене ат салысқаны үшін ол үкіметтің жоғары наградалары: Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту, «Қызыл Жұлдыз» және үш рет «Құрмет белгісі» орденімен наградталады. «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезіндегі үздік еңбегі үшін», «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін», «В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіндегі үздік еңбегі үшін» медальдарының иегері атанады.
1940 жылы Қазақстан Республикасының 20 жылдығына орай Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет Грамотасымен, ал 1974 жылы осы наградамен екінші рет марапатталады.
1973 жылы республикамыздың ауыл шаруашылығын дамытудағы ерен еңбегіне орай оған «Қазақ КСР-іне еңбегі сіңген ауыл шаруашылығы қызметкері» құрметті атағы беріледі.
Ол 1975 жылы 8-сәуір күні Жарқамыста кенеттен қайтыс болады. Айжарықов Жұбан ауданымыздың шаруашылығын өрге бастыруға ғана емес қолайлы әлеуметтік жағдайын қалыптастыруға, мәдени дәрежесін көтеруге өлшеусіз үлес қосқан ардагер азамат ретінде ұрпақтар есінде сақталады.
Айжарықов Жұбанның өмірбаянына қосымшалар:
1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен Байғанин ауданында қоғамдық мал шаруашылығын үдемелі түрде өркендету шаралары жасалды, қосымша мүмкіндіктер қарастырылды. Соның бірі шалғайда, аудан территориясынан450 кмқашықтықта орналасқан, пайдаланусыз жатқан «Үстірт», «Сам», «Матай» жайылымдары еді. Осы жайылымдардың, су көздерінің жағдайын зерттеу үшін комиссия құрылады. Комиссия құрамында Айжарықов Жұбан, Отарбаев Ылияс, Еркіналин Ағлепес сияқты шаруаны, жер жағдайын білетін аудан азаматтары болған.
1929 жылдан бастап Маңғыстау түбегінен Жем, Сағыз, Ойыл, Елек бойларына көшіп-қону малды жайып бағу тоқтайды. Себебі, шаруаларды отырықшылыққа көшіреді. Маңғыстау жағы адай көтерілісіне байланысты Қарақалпақ, Түркіменстан, Ауғаныстан, Иранға малымен жер ауып кетеді. Жайылымдар иесіз қалады, ал Сам жайылымы 1929 жылға дейін тұяқкесті болып, қызыл құмға айналған. Малмен көшіп-қонып жүрген ел түнделетіп құмның іргесіне қонып ертесімен құмды тез кесіп өтуге амал жасайды екен, өйтпесе мал құмқата болып өледі екен.
Мал тұяғы тимеген 11-12 жылдың ішінде Сам жері қайта түлеп шөбі шүйгін жайылымға айналып кетеді. Байғанин ауданының малшылары 1941ж. бастап «Сам» отгондық учаскесін игере бастайды. «Тұрышта» — штабтың орталығы болады. Ауданның 40 колхозының малын айдайтын 3 трасса ұйымдастырылады. Штабтың бастығы болып Байғанин аудандық жер бөлімінің меңгерушісі Айжарықов Жұбан тағайындалады.
«Сам» отгонын игеру нәтижесінде, 100 мыңнан астам қой малы, мыңдаған жылқы, түйе малдары Үстірт, Сам жерлерінде 1962 жылға дейін қыстай жайылып шығып отырған. Осындай үлкен ұйымдастыру шарасының арқасында мал басы еселеніп өсіп, мал өнімдерін өндіру жоспарлары артығымен орындалып отырған. 22 байғаниндік малшылар Социалистік Еңбек ері атағын алады. Осы алыс жайылымдарды игерудегі оның іс-тәжірибесін Республиканың ғылым академиясының ғалымдары зерттеп, «Опыт использования отдаленных пастбищ» деген атпен ғылыми еңбек жарияланып, республика көлеміне таратылған.
Нақтылы маршруттың зерттеу материалдарының негізінде 1947 жылы «Сам» және «Матай-Құм» жайылымдарының өсімдіктер құрамының географиялық картасы жасалған. Кейін, 40-жылдардың аяғында Үкімет отгонды мал шаруашылығын дамыту жөнінде арнайы қаулы қабылдайды.
Ырғыз ауданының «Комминтерн» колхозына басқарма төрағасы болып 1953ж. аяғында сайланады, экономикасы төмен колхозды миллионер колхозға айналдырады. Колхоздың бір топ колхозшысы Москвадағы Бүкілодақтық халық шаруашылығының көрмесіне қатысады (ВДНХ). Еңбектегі ерекше жетістіктері үшін «Комминтерн» колхозын ВДНХ тегін «Волга» жеңіл автомашинасымен марапаттайды.
1957ж. «Комминтерн» колхозы совхозға айналдырылады, кеңшардың директорлығынан Ақтөбе облыстық партия комитетінде бірнеше рет бас тартып, елге Байғанин ауданына қызметке ауысады.
Жұбан ақсақалдың ұйымдастырушылық қабілеті Байғанин ауданының «Ақжар» кеңшарының директоры болған кезде бүкіл Республикаға белгілі болды. «Ақжар» кеңшарын қабылдаған кезде 80 мың қой, мыңдаған жылқы, сиыр, түйе болды. Кейін «Алтай» кеңшары бөлініп шықты, сонда да 60 мың қой жыл аяғына қалып отырды. Кеңшарда тұрғын үйлер, орта мектеп, басқа да өндірістік ғимараттар салу жұмыстары қарқынды жүрді. Шаруашылық барлық жылдарда рентабельді қызмет атқарды.
«Ақжар» кеңшарында ауданда бірінші болып суармалы жоңышқа егісі салынды. Үлкен көлемде бау-бақша өсірілді, олардың тұқымы жыл сайын жаңартылып, Өзбекстаннан алынып отырылды. Шөлейт аймаққа орналасқан кеңшардың бұл жұмыстарын Қазақстан Компартиясының Орталық комитетінің хатшысы Трофимов Ю.Н., Ақтөбе облысы обкомының бірінші хатшылары Журин Н.И., Ливенцов В.А., облисполком төрағасы Кубашев С.Қ. оң бағасын беріп, облыстың басқа шаруашылықтарына үлгі етіп көрсетіп отырды.
Фотографии из семейного архива Айжариковых.
Размещается также брошюра «Опыт использования отдаленных отгонных пастбищ». В ней рассказывается об опыте хозяйств Байганинского района Актюбинской области и, в том числе, Жубана Айжарикова. В дальнейшем этот опыт был распространен по Казахстану.Кстати, сейчас государство пытается вновь развивать отгонное животноводство.
За умелую организацию ветеринарного обслуживания в Байганинском районе Жубан Айжариков в 1946 году был награжден орденом Красной Звезды.
Писателем Мади Аимбетовым была написана небольшая повесть, прототипом ее главного героя стал Жубан Айжариков. Она также размещается здесь.
Открыть материалы в Облаке
https://cloud.mail.ru/public/HBsH/AVJjrBU9m
или
https://drive.google.com/drive/folders/1QbaGOCiepxyKal5E4j7E2MX_xhf8LzXh?usp=sharing
Комментарии
Жубан Айжариков: внес значительный вклад в развитие сельского хозяйства Актюбинской области — Комментариев нет
HTML tags allowed in your comment: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>