Асангали Шинбаев. Человек яркой судьбы
ШИНБАЕВ АСАНГАЛИ ШИНБАЕВИЧ (01.05.1924 – 08.09.1996 гг.)
Шинбаев А.Ш. – человек яркой и удивительной судьбы: фронтовик, учитель, журналист, партийный работник, проживший добрую и достойную жизнь.
Родился в селе Уил Актюбинской области, рано лишившись родителей, воспитывался в детском доме. Свою трудовую деятельность начал в 1942 году. После окончания с отличием Ходжеилинского педучилища Каракалпакской АССР работал учителем физики и математики, завучем семилетней школы Ленинабадского аулсовета Чимбайского района ККАССР. В октябре 1942 года был призван в ряды Советской армии. В мае 1944 года окончил 2-ое Ленинградскоее Краснознаменное артиллерийскоее училище с присвоением звания младшего лейтенанта. Воевал в составе 719-го отдельного армейского разведывательного артиллерийского дивизиона 1-го Прибалтийского фронта. Являлся командиром взвода.
В январе 1945 года, за 3 месяца до Победы, был тяжело ранен. С фронта домой вернулся без ноги, инвалидом 2-ой группы. Но будучи человеком огромной силы воли, он никогда не выглядел инвалидом: отлично плавал, ходил на лыжах, катался на коньках.
Вернувшись на Родину в Уилский район, работал учителем средней школы. С марта 1946 по 1950 гг. находился на комсомольской и партийной работах в Уилском районе. Заочно окончил Уральский Государственный педагогический институт. С 1950 по 1962 гг. работал инструктором обкома партии, первым секретарем Актюбинского обкома комсомола, вторым секретарем Иргизского райкома партии. В 1964 году окончил Высшую партийную школу при ЦК КПСС, работал в обкоме партии, облисполкоме.
С 1962 года является членом Союза журналистов СССР и Казахстана. Шинбаев А.Ш. – автор сотен статей и очерков, опубликованных на страницах областных, центральных газет и журналов.
С 1974 по 1985 гг., до выхода на пенсию, работал заведующим отделом пропаганды и агитации Актюбинского обкома партии. Находясь на заслуженном отдыхе, продолжал трудиться в качестве директора Университета марксизма и ленинизма.
С 1987 года, с первых дней создания, возглавлял Актюбинскую областную организацию ветеранов войны. Шинбаев А.Ш. был человеком большой душевной щедрости, всегда был внимателен к проблемам ветеранов, настойчиво отстаивал их интересы. Был одним из организаторов Актюбинского областного фонда Д.А.Кунаева, неоднократно избирался членом обкома партии и депутатом районного, городского, областного Совета народных депутатов.
Шинбаева А.Ш.уважали за высокую эрудицию, организаторские способности и вклад в укреплении дружбы, согласия и мира между народами Казахстана.
За боевые и трудовые заслуги перед Родиной награжден многими правительственными наградами, медалями и почетными знаками в различных отраслях:
- Орденом Красной звезды Президиума Верховного Совета СССР;
- Орденом Отечественной войны I-ой степени Президиума Верховного Совета СССР;
- Орденом «Данк» Президента РК;
- Двумя орденами «Знак почета» Президиума Верховного Совета СССР;
- Медалью «За трудовую доблесть» Президиума Верховного Совета СССР;
- Медалью «За освоение целинных земель» Президиума Верховного Совета СССР;
- Юбилейными медалями «20 лет Победы в ВОВ 1941-1945 гг.», «30 лет Победы в ВОВ 1941-1945 гг.», «40 лет Победы в ВОВ 1941-1945 гг.», «50 лет Победы в ВОВ 1941-1945 гг.»;
- Юбилейными медалями «50 лет Вооруженных сил СССР», «60 лет Вооруженных сил СССР», «70 лет Вооруженных сил СССР».
- Медалью участника и большой серебряной медалью за успехи в социалистическом сельском хозяйстве ВСХВ;
- Почетной медалью Правления Советского фонда мира;
- Памятной медалью Советского комитета ветеранов войны;
- Медалью «Ветеран труда»;
- Медалью «За доблестный труд. В ознаменование 100-летия со дня рождения В.И. Ленина»;
- Почетным знаком Гражданской обороны СССР;
- Почетным знаком «За активную работу» ДОСААФ;
- Почетным знаком Всесоюзного совета ветеранов войны и труда;
- Памятными нагрудными знаками в честь 20-летия, 30-летия освоения целинных земель в Казахстане;
- Нагрудным знаком СКВВ;
- Почетным знаком Всесоюзного совета ветеранов войны и труда;
- Памятным нагрудным знаком в честь 50-летия КССР;
- Знаком «За активную работу» Правления Всесоюзного общества «Знание».
Шинбаев А.Ш., будучи человеком разносторонне одаренным, на досуге писал замечательные стихи, посвящая их своим детям, внукам, соратникам и просто дорогим ему людям…
Асанғали Шыңбаев
АРНАУ
Асқанымда алпыстан өлең жаздым,
Мәніне түсінгендей күй мен саздың,
Кейде ойлаймын: не керек өлең жазған,
Қышуына тигендей төбел таздың.
Сәнді өлең, сұлү өлең болмаса да,
Өлеңіме көңілім толмаса да,
Жазғанды тәуір көрем, дәуір көрем,
Ақындық қасиет боп қонбаса да.
Шіркін-ай, жас кезімде ескермедім,
Ой құлашын өлеңге кеш сермедім.
Сезгенмен қабілеттің бар екенін,
Мән беріп, өз-өзімді тексермедім.
Беретіндей қол ұшын кісі болмад,
Қазақтың қадірлісі туыс болмад.
Мендегі қабілетті сезетіндей
Ардақты азаматтан сыбыс болмад.
Дегенмен ешкімге де кінә тақпан,
Дұрысы өзі ізденіп, жөнін тапқан.
Жігер, талап, терең ой бойда болса
Әруаға өнердің қонар жастан.
Бұл жолдар, өлең жолдар, алаң жылдар,
Рахаты аз болған, сараң жылдар.
Жетпіске оңайлықпен жеткенім жоқ,
Арпалысқан, қан төккен ылаң жылдар.
Туа сала әкеден жетім қалдым,
Шешемнің аркасында өмір кештім.
Ардақты анамыздың шапағатын
Он жеті жасқа дейін қабыл алдым.
Сонан соң дүние шіркін жалған болды,
Сол күндерде тіршілік арман болды.
Соғысқа жиһангерлік аттанған соң,
Келешек, жастық шағын қарам болды.
Қағысып, қатарыңмен ойнай алмай,
Бақытыңды болашақ ойлай алмай,
Жастық шағым шадыман бола алмады,
Дүние қызығына бойлай алмай.
Дегенмен елді қорғау міндетіміз,
Қорқама жау дегенде жігітіңіз.
Жеңіспен соғысты да аяқтадық,
Орындалып бар арман, үмітіміз.
Жаралы боп көбіміз елге қайттық,
Бұйырған ғой, ел дәмін балдай таттық.
Сағыныш, қуанышпен араласып,
Бақыттың құшағында судай тастық.
Басылғандай мауқымыз болғандай-ақ,
Қойнымызға қуаныш толғандай-ақ.
Тебіренткен жүректі мұңды үннен,
Құлағымды дегенмен, шалғандай-ақ.
Сауы жоқ от басының зарламаған,
Майданнан әкең, ағаң оралмаған,
Аштық пен жалаңаштық өз алдына
Соғыстың әлегі мен зардабынан.
Тебірентті жүректі мұнды үннен,
Ұйқысыз өтті-ау бізде талай күндер.
Қайғы мен қасіреттер бойды билеп,
Бас алғызбай кетті ғой талай күндер.
Дене дал—дұл жаралы және де аяғым жоқ,
«Не істеімін, не қоям» деген ой көп.
Жауабы бұл сұрақтың табыл алмай,
Жүрегіме жабысты-ау уәйім боп.
Осылайша біраз күн өмір өтті,
Келешекті ойлайтын кез де жетті.
Соғыстың зардабынан құтылуды
Партия халкымызға міндет етті.
Елге оралған мүгедек, жаралылар,
Жалғыз жарым дені сау және де бар.
Күй-тұрмысты қалпына келтіруді
Мойнына алғандар да, міне, осылар.
Бас—аяғы төрт—бес жыл айналасы,
Партия қойған міндет орындалды.
Халықтың еңбектегі зор табысы
Дос түгел, дұшпан мен де мойындалды.
Ал, жігеттер, халайық! Алға – дедік,
Жарқын болашаққа самға –дедік.
Байсалды аяғыңды батыл басып,
Таймалық, бақытымыз алда – дедік.
Баршамызда бағытты дұрыс – дедік,
Партияға сенбеген бұрыс – дедік.
Кемелденген социализм орнататын
Жаңқиярлық еңбек пен жұмыс – дедік.
Осылайша халқымыз алға басты,
Талай—талай маңызды асу асты.
Екі ұлы державаның бірі болып
Абыройы елімнің судай тасты.
Бұл қарқын баянды боп қала алмады,
Әрірек тарих бойлап бара алмады.
«Балық бастан шіриді» деген бар ғой,
Бағыты басшылардың оң алмады.
«Ақылды» көсемшелер толып кетті,
«Өзі би, өзі қожа» болып кетті.
Саясатты бетке ұстап, билік іздеп,
Осылардың көбісі тозып кетті.
Партия және басқа ұйымдарың
Өткізіп күнде жатты жиындарын,
Пайдасы жоқ, жел сөзбен айналысып,
Жұмыстың жиып қойып қиындарын.
Демократияны қолжаулық – қулық етті,
Көпшіліктің жағдайын тұлым етті.
Азшылықтың әруағы басым болып
Бұхараны мәңгүрт – зұлым етті.
«Дүние жалған» деген осы екен ғой,
Уақытша тігілген қос екен ғой.
Кешегі абзал болған ұғымдарың
Дейсін енді: «өмірде бос» екен ғой.
Бұрынғының бәрі де жалған болды,
Сондай—ақ ССРО—да талқан болды.
Тәуелсіз мемлекеттер орын теуіп,
Қайтадан бас қосары арман болды.
Тәуелсіздік буымен басынғандар,
Экономикалық байланысты ыдыратты.
ТМД елдері боп аталғандар
Халқымызды ұлт-ұлтқа бытыратты.
Әзербайжан, шешен, үнгуш, модаван,
Грузин, абхаз, осетин және армян,
Ресей, Балты, Орта Азия елдерінде
Қан төгілді, баршаға болған аян.
Халықтың жағдайлары оңар емес,
Әлі де бейбітшілік болар емес.
Билікке жанталасқан «көсемдердің»
Құлқындары қан-жынға толар емес.
Заманым өмір сүрген оңбады ма,
Әлде бұл тарихтың толғағы ма,
Қазақтың тәуелсіздік алуы да,
Осының нәтижесі болғаны ма.
Шынында «солай-ау» деп мен ойлаймын,
Қазақпын қуанышқа мен тоймаймын.
Ғасырлар арман еткен тәуелсіздік,
Қонғанын қолымызға мен тойлаймын.
Тәуелсіздік бағыты – соқпақты жол,
«Тар жол, тайғақ кешуі» — болады мол.
Дегенмен бұл бағыттан тайынбалық,
Жұмылсын, алға ұмтылсын моллион қол.
Халқымның орындалсын аманаты,
Шықпасын ешқашан да жаман аты.
Ақылды, парасатты іс істелсе
Өркендейді елімнің жамағаты.
70-ке келгенімде ел жағдайды осы да,
Айтарым көп жолдасым мен досыма.
Не боларын кім білсін, болжау қиын,
«Достық, бірлік»- тілегіміз болсын да.
Өзімді айтсам, арманым жоқ жалғанда,
Шоқанай мен жанұямды алғанда,
Үш қыз, үш ұл өсірдік –бақыттымыз,
Оннан астам немерелер болғанға.
Күләш, Насихат, Айгүлдей қыздарым бар,
Дәулет, Марат, Болаттай ұлдарым бар.
Сәулешім, Света және Света келіндерім,
Сабыр, Еркін, Сергейдей балдарым бар.
Сабина, Карина, Тамила және Настья,
Ерлан, Әсел, Дина және Н адья,
Жанна, Индира, Әлішер, Таир, Дана, —
Немерелер сәнім ғой, жаным ғана.
Демек мен бай, мен бақытты адаммын,
Өткен жолға ризамын, адалмын.
Қанағат, Рахым, денсаулық, адал еңбек,
Тілеймін бәріне де ұрпағымның.
Асқар таудай ұл мен қыздың панасы,
Шоқанайдың лайықты шамасы.
Қандай қиын белесінде өмірдің
Жәрдем еткен жұбайымның анасы.
Таспаймын, ашылса да жыр арнасы,
Аспаймын табылса да сөз алқасы,
Мүгедек жағдайымда өмір ассам,
Бәрі де Шоқайымның өз арқасы.
Атадан қалғанымыз екеу едік,
Қатарға кемдігі жоқ, теңеу едік,
80-жаста ағамыз дүние салды,
Біріміз-бірімізге демеу едік.
О, жалған! Бала—шағам аман болсын,
Олар үшін бақытты заман болсын.
Ағайдың ұрпақтары өсіп-өніп,
Бар Шыңбайдың тұқымы адам болсын.
Мендегі жақсылықтар анамыздан,
Қадірі нағашымның, міне осыдан.
Кең жайлау, кең өрісті нағашылар
Лайықты алсын орын арамыздан.
Өркен өссін ағайын –тумаларым,
Айтайын осы арада тураларын,
Өсек, өтірік, қызғаныш аулақ болса,
Білсейші дәулетіңнің құраларын.
О, халайық!
Арнауымды, осыменен тәмәмдаймын,
Болжау қиын келесі өмір жайын.
Адал ниет, ықылас, сыйларыңа
Рахмет дейтұгын сөзім дайын.
Баршаңызға тілеймін амандықты,
Келтірмесін сендерге жамандықты.
Адал еңбек, терең ой –менің батам,
Осы ғана жастарға лайықты.
Әмин!
1.V.1994 ж.
ЖАЛҒАН
(Құрдасқа)
Қарттық атың құрасын кәрі деген
Кейбіреу кей жағдайда әрі деген
Қөңілің баяғыдай болғанымен
Сый-құрмет таяды екен бәрі сенен.
Қатарың, құрдастарың қайда деймін,
Замандасың болса да пайда деймін.
Солардың сирегені жаңға батып,
Дүние-ай өткен шағым қайда деймін.
Жас шағың патшалықпен пара—парлы,
Қартайғандық – адам сәттес ол жаралы.
Ұрпақтың аясында отырғанмен
Қайраты болмаған соң шал қаралы.
Қартаймай өтіп кетсең ол да жаман,
Дүниенің жарығы болар тамам.
Тіршілік дегенменен артық деймін
Ұрпақтың қызығын көр келсе шамаң.
Қайғыға қалыптасып баса берме,
Көп ойлап шамадан тыс аса берме.
Халқыңа, ұрпағыңа кадірлі бол.
«Ақсақал» дегеніне таса берме.
Өмірдің қызығына қандым деме,
Дүниеге пайдасыз қалдым деме.
Қайраты қажымаған қарт ағаға,
Ақ иықты сен неге шалсың деме.
Өмірдің қызығы көп біле білсең,
Қапаланба өмірде бізге сенсең.
Орындалар арманың сонда ғана
Жалғаннан жалықпай-ақ кете білсең.
ЕСТЕЛІКТЕР
Кеңес НОКИН,
дербес зейнеткер:
«… Асанғали Шыңбайұлы туралы айтатын да, жазатын да жәйттер жетерлік. Соның ішінде ең бірінші ойға оралатын оның жоғары адамгершілігі, қай кезде болмасын қалап алған ісіне адалдығы дер едім … .Осындай ел азаматы, соғыс, еңбек ардагері Асекең біздің онымен бірге жұмыстас болған, дәм-тұзымыз аралас жолдастарының есінде мәңгі сақталады …».
Нұрхайыр ТЕЛЕУОВ,
Қазақстанға еңбегі сіңген
мәдениет қызметкері:
«… Асекең, Асекеңдер өз заманының, өз дәуірінің перзенттері. Оның өз сөзімен айтқанда: «Мен сөз жүзінде емес, іс жүзіндегі интернационалистпін» деп, қолма-қол дәлелдей салатын. Міне, жағдай да, заман да өзгерді. Бірақ бір нәрсе ғана өзгермейді, өзгеруге тиісті емес. Ол – аға ұрпақтың тарихтағы орны, өз кезеңіндегі тағдыры, болашаққа, алдағы ұрпақтарға арналған қызметі …».
Нығмет СЕРІКБАЕВ,
Милиция полковнигі:
«… Асекеңнің өмір жолы – үлкен тарих. Ол ұстаған ақиқат жолы жастарға, болашақ ұрпаққа тәлім, тәрбие, өнегелі іс болары сөзсіз …».
Марат МЫРЗАҒҰЛ,
Республика журналистерінің
Әлихан Бөкейханов атындағы
сыйлығының лауреаты
«… Өмірдің ащысы мен тұщысын молынан татқан, мағыналы өмір кешкен, өз ортасының тұлғалы, көшелі азаматы болған адамның араласып-құраласқан достары көп болған … .
Бір қабір басындағы құлыптаста мынадай жолдар қашалып жазылыпты: «Мен де сендей болғанмын, сен де мендей боларсың». Асанғали Шыңбаев рухы алдында адал екенімізді, ұстаздың көп шәкірттерінің бірі болғанымызды, ал ағадан «Шалдың баласы» деген жоғары әрі құрметті атақ алғанымызды ерекше мақтаныш санаймыз …».
Жанғабыл ҚАБАҚБАЕВ,
«Ақтобе»
«… Қажуды, қиындықтарға налуды білмейтін осы ғажайып адам шынында көптеген тұрғыластарына үлгі болды. Бір аяғын протезден салдырған оның суда жүзү шеберлігі, коньки, шаңғы тебетіні, аңшылығы – өмірді сүюдің тамаша үлгісі емес пе? Ал домбырада күй тартып, ән шырқайтыны, әдебиеттің не бір маржан бұлағынан сусындағаны ше? Жалпы аға буын өкілдерінің көпшілігіндегі ұқыптылық, ескерімділік еріксіз сүйсінтеді …».
Ниетжан БЕРІКОВ,
педагогика ғылымдарының
кандидаты, профессор
АЗАДА
Төтеп келген сұм ажал,
Болмады оған еш амал.
Тоқтатты асыл жүректі,
Естіген жүрек дір етті.
Жұма күні жайраңдап,
Әзілдесіп сайрандап,
Ойнап жүрген Асекем,
Білдірмей жүрген нар екен.
Суық хабар – сұм өлім,
Жазда жауған қар екен!
Есеңгіреп мен қалдым,
Сүйеніп тұрғам жар екен.
Қайта тағы сұрадым.
Қате болар бұл хабар,
Өлім қате болар ма,
Асекем орны толар ма?!
Асыл аға ғұмыры
Үш кезеңнен тұрғандай …
Тұрмыстың қатты темірі
Балалық шағын ұрғандай.
Балалар үйі панасы,
Шырылдап жалғыз анасы.
Соғыстан қайтты аяқсыз,
Жүре алмай екі таяқсыз.
Жастық отын сөндірмей,
Жігердің мініп тұлпарын,
Арудың сүйді сұңқарын.
Отбасының тірегі,
Ұл, қыздары жүрегі.
Сәулетті өмір салтанат,
Парасатты азамат,
Асанғали Шыңбайұлы,
Деді барша жамағат.
Жасаған өзі жарылқап
Бағы жанып көктеген,
Оның жеткен шегіне,
Көп пенделер жетпеген.
Азамат болды беделді,
Жақсының әрі теппеген.
Басыңа қиын іс түссе,
Қолұшын бермей кетпеген.
Ізденді оқып, білім деп,
Еңбек етті елім деп.
Жастарға ақыл ол берді,
Халқым деп төкті көп терді.
Тыңға барып түлетті,
Келімсектерді үйретті.
Қазақ жерін бүлдіртпей,
Көп бұзықты түзетті.
Екінші өмір кезеңі
Облыс штаб төрінде
Түсіндірді халқына,
Саясатты саралап,
Алтын аймақ жерінде,
Дақ түсірмей салтына.
Ақтөбе туған елінде
Тұлғасын көріп көз тойған,
Ақылына әркім ден қойған.
Билігін бұрмай тура айтқан,
Айтқаны шыққан көп ойдан.
Абырой-даңқы асқандай,
Ақыл-ойы дастандай.
Кемшілік көрсе төзе алмай,
Тіліп түскен жасқанбай.
Қатуланса Асекем,
Кім де болса сасқандай,
Жаны жайсаң пейілі кең,
Болған ашық аспандай.
Орыс, қазақ пір тұтқан,
Дұшпанның құты қашқандай.
Асан аға соңғы кез,
Асанқайғы бабадай,
Елдікке үндеп әрбір кез,
Ұлағатты данадай.
Тіл үшін тағы күресті.
Ақшасы күйген қарттардың,
Қамын да ол ойлады,
Қарттар үшін мәселе,
Шешуін таппай қоймады.
Жеңістің елу жылдығын,
Даңқ орденімен тойлады.
Жығылғанды тұрғызсаң,
Жылағанда жұбатсаң,
Қисайғанды түзетсең,
Ауырғанды күзетсең,
Тәңірінің үйі бәйтолла,
Риза болар сол алла!
Ал, мұсылман жарандар,
Мешітке де қараңдар,
Ораза айы кезінде
Орындалсын парыздар.
Ислам діні алдында,
Болмаңыздар қарыздар.
Пәк болады дініңіз,
Ақыретте күніңіз,
Қақ жолымен жүріңіз –
Деген еді Асекем.
Мұсылмандыққа дос екен.
Жастардың жайын шамалап,
Сөз айтатын бағалап:
Бұрынғы қазақ жігіті,
Жаһанға біткен теректей.
Қазіргі жас жігіттер,
Ағашқа керткен иректей.
Бұрынғы қазақ қыздары –
Қырмызы қызыл жібектей,
Ендігінің қыздары –
Құрсауы кеткен шелектей!
Көп жастардың мінезі,
Арақ ішкен жынмен тең.
Халайықтар, жарандар,
Қазақ деген халық кең,
Орыстармен дос болу –
Қарашада ұшкан қазбен тең.
Бар халықпен тату жүр,
Самалы әсем жазбен тең!
Баған артық басқадан,
Не айтайын, аға—жан!
«Адай менен Таз едік
Бірге ұшқан қаз едік!» —
Дейтін едің, жан аға,
Соңғы кезде соншама,
Даналық сөзді теруші-ең.
Шежірегі ой сала,
Саралап бәрін беруші ең.
Жікшілдік емес білемін,
Журналист болдың түледің:
Ища деспей сырласқан,
Ағам едің туысқан.
Құлын тайдай тебіскен,
Адай менен Таз едік,
Бір ананы еміскен.
Ағаш өлер тік тұрып,
Сен де сондай бәйтерек,
Еңбекте тынбай сен жүріп,
Құлаған желден әлсіреп.
Көрген түстей бәрі де,
Көзден болдың зым-зия,
Сұрар ең өмір әлі де,
Лашындай қыран жер қия,
Замандас жаран жиылып,
Ағылып сенің мәйітіңе.
Қарап тұрды қиылып,
Бұл фәни жалған дүние.
Зор екен елге қадірің,
Гүлге толды қабірің.
Орыстар жүр шын жылап,
Деп олар Асанғали Шыңбаич!
Қазақтар жылап күндіз-түн,
Өртенді деп біздің іш!
Құдалар жылап құдалап,
Інілер жылап ағалап,
Құлады деп Асқар Тау,
Ұрпақтарың папалап,
Ағайын-жекжат жоқтап тұр,
Жүруші еді паналап.
Сен кеткен соң өмірден
Ардагер деген ел жетім,
Асыр салған Ойылда,
Ақшатаудай бел жетім.
Сүйгенінен айрылған
Шоқанайдай жар жетім,
Жүгіңде сенің тарта алмас,
Асыл да болса нар жетім.
Келін менен балаға
Сен айтатын ой жетім.
Марат, Болат жасайтын,
Сен басқарар той жетім.
Айрылған былтыр жарынан,
Айырылған папа нарынан,
Айгүл қызың сол жетім.
Амал не, қалды мол жетім?
Күләш, Сабыр – түлегің!
Басқарады әулетің!
Өлген жоқ, сен тірісің
Ұрпақтардың пірісің?!
Қапыда өтті-ау өмірің,
Жарқын еді-ау көңілің.
Жаның болсын жаннатта,
Пайғамбарлар санатта.
Әруағың бізге әл берсін,
Рухың әр кез дем берсін!
Открыть материалы в Облаке
https://cloud.mail.ru/public/HBsH/AVJjrBU9m
или
https://drive.google.com/drive/folders/1QbaGOCiepxyKal5E4j7E2MX_xhf8LzXh?usp=sharing
Eto moi dedyshka!!!!!!!!!!!!!!!!!!!1
samii luchshii dedushka v mire
ЭТО МОЙ ПРА ДЕДУШКА
Eto moy dyadya! RIP!
Это мой дедушка!!!!!!!
Да, ваш дедушка был правильным человеком.
Менин атам ен керемет