Тулеу Алдияров. Человек, оставивший о себе добрую память.
Одним из широкоизвестных политических и общественных деятелей нашей области был Тулеу Алдияров. Долгие годы он являлся первым руководителем таких районов Актюбинской области как Темирский, Челкарский, Карабутакский, а в последние годы жизни был руководителем финансовой отрасли Актюбинской области. Человек, который был известен своей человечностью, организаторскими способностями, высокой трудоспособностью, который оставил после себя неизгладимый след и стал примером для будущего поколения.
Тулеу Алдияров родился 5 января 1926 года в местности «Темирей» (затем колхоз им.Калинина) Ключевого района (ныне Алгинского района) Актюбинской области в семье крестьянина-бедняка. Его отец Сулейман (из рода кара кете) и мать Аккумис умерли, когда он был в младенческом возрасте. Его на воспитание взяла сестра матери Сарыалтын.
В 1933 году Тулеу начал учиться в казахской средней школе №6 города Актюбинска и ее окончил.
Свою трудовую деятельность он начал в 1942 году секретарем нотариальной конторы, проработав несколько месяцев, он был призван в ряды Советской армии. Был старшим писарем отдельного Запасного полка ПТР Южно-Уральского военного округа. В марте 1943 года был демобилизован по состоянию здоровья и по приезду в родные края он поступил в органы юстиции счетоводом, стажером-адвокатом и некоторое время самостоятельно выступал в судебных процессах в качестве защиты. Работая в колеггии адвокатов, Тулеу учился в Актюбинском учительском институте на факультете казахского языка и литературы.
В 1944 году Актюбинский областной комитет ЦК КП(б) направил Тулеу Алдиярова в распоряжение ЦК КП(б) Казахстана. В июне 1944 года он был зачислен в особую воинскую часть №35328, которая формировалась в г. Алма-Ата в районе «Тастак». Позже воинская часть была переброшена в Зайсанский район Восточно-Казахстанской области в местность колхоза «Красный Джеменей» и в начале 1945 года переброшена через местность Джаркент Панфиловского района Талды-Курганской области в провинцию Синцзянь (Китай). Воины при себе не имели никаких документов. Тулеу Алдияров сначала был рядовым солдатом, затем командиром 2-го звена, 2-го отделения взвода автоматчиков, являлся инструктором по разведке. Он участвовал в боевых действиях против Китайско-Гоминдановских войск в городах Шипанзы, Кульджа, Шихо, Манас и другие. Вместе с ним служили Г.Дуйсенбеков, А. Урекенов, Х.Буртебаев, М.Нурпеисов, Ш.Ергалиев. Тлеу Алдияров был награжден орденом Восточно-Туркестанской Республики. В результате ранения в январе 1946 года он был демобилизован.
По возвращении его отправили на комсомольскую работу – инструктором обкома ЛКСМ в г. Актюбинске. В июне 1946 года Тулеу Алдиярова назначили первым секретарем райкома комсомола г. Алги. В этой должности он проработал два года. С мая по октябрь 1948 года он работал заместителем, заведующим городского финансового отдела г. Актюбинска. В мае этого же года он женился на Ташеновой Кулай Умбеталиевне и 8 декабря у них родился первенец Тлеубай.
С октября 1949 года по сентябрь 1951 года работал начальником Актюбинского областного управления гострудсберкасс и госкредита. По собственной просьбе был направлен на учебу в Ленинград – Всесоюзную высшую финансовую школу, которую окончил в 1954 году и получил специальность финасист-экономист. По возвращении с учебы по решению Актюбинского обкома КП Казахстана был направлен на работу инструктором отдела административных и торгово-финансовых органов.
С октября 1955 года по декабрь 1962 года Тулеу Алдияров работал вначале вторым секретарем, затем первым секретарем Темирского райкома партии. За досрочное выполнение обязательств по сдаче зерна по Темирскому району в 1957 году он был награжден орденом «Знак почета».
С июня по декабрь 1962 года он работает инструктором областного комитета КП Казахстана по Темирскому территориальному управлению сельского хозяйства.
С декабря 1962 года по октябрь 1973 года Тулеу Алдияров работает первым секретарем Челкарского райкома КП Казахстана, а с ноября 1973 года по октябрь 1978 года – первый секретарь Карабутакского райкома КП Казахстана.
С осени 1978 года по ноябрь 1984 года работал заведующим областным финансовым отделом облисполкома Актюбинской области.
Тулеу Адияров дважды избирался депутатом Верховного Совета Казахской ССР. Член пленума краевого Западно-Казахстанского комитета партии (1962-1964гг); член пленума Актюбинского областного комитета партии (1959-1984гг); депутат Областного Совета народных депутатов (1971 – 1984гг); член пленума Челкарского и Карабутакского комитетов партии и депутат районных Советов народных депутатов (1962 – 1978гг).
За героизм в военное время и трудовые заслуги в мирное время Тулеу Алдияров был награжден орденом «Октябрьской революции» (1976г), двумя орденами «Трудового красного Знамени» (22.03.1966г., 08.04.1971г), орденом «Знак Почета» (11.01.1957г), Орденом «Восточно-Туркестанской Республики» (1945г) и 10-ю медалями.
Тулеу Алдияров всю свою сознательную жизнь посвятил служению народу и партии. Народ с большим уважением и доверием относился к нему и даже после его смерти помнит и чтит его заслуги.
Жители Шалкарского района и по сей день с почтением и благодарностью помнят Тулеу Алдиярова. За годы работы первым секретарем Шалкарского района ему удалось вывести район в передовые. Было увеличено поголовье скота, из года в год увеличивалось животноводческое сырье и продукция не только в количественном плане, но и качественном. Была хорошо организована работа по транспортировке газа и производство промышленного сырья. Район неоднократно являлся победителем общесоюзных и республиканских конкурсов и был награжден ЦК Красным Знаменем и грамотами. На высоком уровне в районе развивалась культура, здравоохранение, образование, улучшилось благосостояние народа. При руководстве Тулеу Алдиярова были построены: мясокомбинат, цех по производству минеральной воды, школы. С приходом Т.Алдиярова Шалкар стал превращаться в город: на улицах был проложен асфальт, посажены деревья, в дома был проведен газ.
Жители Шалкара доверяли и были благодарны Тулеу Алдиярова и поэтому дважды избирали его депутатом Верховного Совета КазССР. За качественные и высокие показатели в Шалкарском районе Тулеу Алдияров и был награжден двумя орденами «Трудового Красного Знамени». Жители Шалкара в знак благодарности за неоценимый вклад в развитие района назвали центральную улицу в городе Шалкар именем Тулеу Алдияров и посвятили мемориальный стенд. Тулеу Алдияров качественно и результативно работал не только в Шалкарском районе, но и в Алгинском, Темирском и Карабутакском районах и в городе Актюбинске.
Как и трудовая деятельность, так и личная жизнь Тлеу Алдиярова была насыщенной и интересной. Его супруга Кулай родила ему шестерых детей:Тлеубай, Баян, Сауле, Тлеулес, Касымбек, Зауре. В настоящее время дети, снохи, зятья, внуки Тулеу Алдиярова являются высокообразованными и известными личностями. Среди них есть академик, профессор, доценты, кандидаты наук, педагоги, врачи, юристы, экономисты. Хотя Тулеу Алдияров прожил недолгую жизнь, поставленные перед собой цели и задачи можно сказать он достиг.
Его именем названы улицы в городах Актобе и Шалкар.
Скончался Тулеу Алдияров 9 ноября 1984 года.
КСРО-ға кірген республикалар үшін ХХ-ғасыр негізінен кеңестік (советтік) дәуір болды десек қателеспейміз.
Осы дәуірдің шоқтығы биік саяси, шаруашылық және қоғам қайраткерлерінің бірі, облыс, республика көлемінде кеңінен танымал болған Төлеу Алдияров ұзақ жылдар бойы Ақтөбе облысының Темір, Шалқар, Қарабұтақ аудандарының бірінші басшысы, өмірінің соңғы жылдарында облыстың қаржы саласына жетекшілік етіп, еліне өзінің адамгершілігімен, ұйымдастырушылық қабілетімен атағы шығып, артына өшпес із қалдырған адам.
Төлеу Алдияров 1926 жылдың 5-қаңтарында Алға ауданының (бұрынғы Ключевой ) «Темірей » (Калинин атындағы колхоз) елді мекенде дүниеге келген. Жастайынан әке-шешесінен бірдей айырылған Төлеуді (әкесі-Сүлеймен, қара кете руынан, кедей шаруа адам, шешесі Ақкүміс, екеуі де Төлеу туғаннан кейін көп ұзамай дүние салған) шешесінің апасы Сарыалтын Алдиярова бала етіп, өз тәрбиесіне алып өсіреді. Төлеу 1933 жылы Ақтөбе қаласындағы №6 орта мектепке оқуға барып,осы мектепті бітіріп шығады.
Төлеу Алдияров өзінің еңбек жолын 1942 жылы нотариальдық кеңседе хатшы қызметінен бастайды, сол жылы әскер қатарына шақырылады.Оңтүстік Орал әскери окугінің арнаулы запастағы полкінде әскери міндетін атқарады. 1943 жылдың наурыз айында денсаулығына байланысты әскери қызметінен босатылып, елге келген соң қайтадан заң (юстиция) органдарында — адвокаттар коллегиясында қорғаушы- адвокат болып жұмыс істейді. Жұмыс істей жүріп Ақтөбе мұғалімдер институтында оқиды. Институттың қазақ тілі және әдебиеті факультетінде оқып жүргенінде, 1944 жылы Ақтөбе облыстық партия комитеті Төлеу Алдияровты Қазақстан КП орталық комитетінің қарауына қызметке жібереді. 1944 жылдың маусым айында Алматы қаласында жасақталған арнайы әскери құраманың қарамағына алынып, Алматының Тастақ ауданында, кейін Шығыс Қазақстан облысының «Қызыл жеменей» елді мекенінде арнаулы әскери дайындықтан өтеді.
1945 жылдың басында Төлеу Алдияров қызмет еткен осы құраманы Талдықорған облысының Панфилов ауданы Жаркент қаласы маңындағы Қорғас өзені арқылы Қытайдың Синцзянь ұйғыр автономиялық ауданына өткізіп жібереді. Төлеу Алдияров мұнда автоматшылар взводын басқарады. Қытайдың Гоминдань әскерлеріне қарсы әскери операцияларға қатысады. Жауынгерлердің жанында ешқандай құжаттары болмайды, бәрі құпия жағдайда жүргізіледі.
Төлеу Синцзянь провинциясының Шипанзе,Құлжа, Шико, Манас және басқа да қалаларда өткізілген әскери операциялар кезінде көрсеткен ерліктері үшін Шығыс Түркістан Республикасы орденімен марапатталады. 1945 жылдың аяғында Төкең бірнеше ай Шико қаласындағы әскери госпиталде емделіп шығады. Осы әскери құрама қатарында Төкеңмен бірге Дүйсенбеков Ғайса, Үркенов Әбдірахман, Бөртебаев Хасен, Нұрпейісов Мұханбетжан, Ерғалиев Шалабай және басқа да есімдері белгілі азаматтар болды. 1946 жылдың қаңтар айында Төкең әскер қатарынан елге оралады.
Елге келген соң Ақтөбе облыстық комсомол комитетінде нұсқаушы, 1946 жылдың шілде айында Алға аудандық комсомол комитетінің І- хатшысы, 1948 жылдың мамыр айында Ақтөбе қалалық қаржы бөлімі бастығының орынбасары қызметтерін атқарады. 1948 жылдың мамыр айында Төлеу өзінің өмірлік жанжолдасы Күләй Үмбеталықызымен қосылып отбасын құрады.
1949 жылдың қазан айынан 1951 жылдың қыркүйек айына дейін – Т. Алдияров Ақтөбе облыстық мемлекеттік еңбек жинақ кассаларының бастығы. Өзінің сұрауымен 1951 жылдың қыркүйек айында Ленинград қаласындағы Бүкілодақтық жоғары оқу орнына оқуға жіберіледі. Оқу орнын 1954 жылы бітіріп қаржыгер-экономист мамандығын алып шығады.
1954-55 жылдары Қазақстан Компартиясы Ақтөбе облыстық комитетінің нұсқаушысы, 1955 жылдың қазан айы мен 1962 жылдың маусым айы аралығында Темір аудандық партия комитетінің әуелі ІІ, кейін І хатшысы қызметінде болады. Темір ауданы мемлекетке астық тапсыру жөніндегі міндеттемесін асыра орындағаны үшін Төлеу Алдияров «Құрмет белгісі» орденімен марапатталады.
Төлеу Алдияров 1962 жылдың маусым айынан сол жылдың желтоқсан айына дейін Темір аймақтық ауыл шаруашылығы басқармасы бойынша Қазақстан Компартиясы Ақтөбе облыстық комитетінің нұсқаушысы-ұйымдастырушысы, 1962 жылдың желтоқсан айынан 1973 жылдың қазан айына дейін Шалқар аудандық партия комитетінің І хатшысы. 1973 жылдың қазан айында Қарабұтақ аудандық партия комитетінің І хатшысы қызметіне жіберіледі, бұл жұмысты 1978 жылдың қазан айына дейін істейді.
1978 жылдың қазан айынан өмірінің соңына дейін (1984 жылдың қазан айы) Төлеу Алдияров Ақтөбе облыстық атқару комитетінің қаржы бөлімінің меңгерушісі қызметінде болады. Ауыр науқастан кейін 1984 жылы қараша айында дүниеден өтті.
Төлеу Алдияров 1963-1971 жылдары Қазақ КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып 2 мәрте сайланады. Батыс Қазақстан өлкелік партия комитетінің пленум мүшесі (1962-1964), Ақтөбе облыстық партия комитетінің пленум мүшесі (1959-1984), Ақтөбе халық депутаттары облыстық Советінің депутаты (1971-1984), Шалқар, Қарабұтақ аудандары партия комитетінің пленум мүшесі, аудандық халық депутаттары советінің депутаты (1962-1987) болып үздіксіз сайланып отырды.
Төлеу Алдияров әскери қызметтегі ерлігі, батылдығы, бейбіт өмірдегі еңбегі үшін екі рет Еңбек Қызыл Ту (22.03.1996ж., 8.04.1971ж.) Октябрь Революциясы (1976), «Құрмет белгісі» ордендерімен (11.01.1957ж.) және 10 медалмен марапатталды.
Төкең қай жерде, қандай қызметте болса да еліне, халқына адал қызмет етті, мемлекет пен үкіметке сыйлы, беделді болды. Халық оны көзінің тірісінде де, өмірден өткеннен кейін де қатты құрметтеп, әркез еске алып отырады. Төкең өмірі толысып, кемелденген бір белесі – Шалқар өңірінде өтті. Бұл 1962-1973 жылдары Шалқар ауданында бірінші басшы қызметін атқарған жылдар еді.
Шалқар – облыстағы етек-жеңі кең, шалғай орналасқан, шөл және шөлейт алқаптағы мал шаруашылығымен айналысатын аудан. Төлеу Алдияровтың тікелей басшылығымен аудан экономикасы осы кезеңде шарықтап алға басты. Мал басын өсіру, мал өнімдерін мемлекетке өткізу жоспарлары жылма-жыл артығымен орындалып отырды, өнімнің сапасы артты. Өнеркәсіп өнімдерін өндіру, темір жол транспорты, газ және автомобиль тасымалдау жұмыстары жасақталды. Аудан жылма-жыл , бірнеше дүркін Бүкілодақтық, Республикалық жарыстың жеңімпазы болып, Орталық Комитет пен үкіметтің ауыспалы Қызыл Туларымен, мақтау грамоталарымен марапатталды.Халықтың әл-ауқаты жақсарып, мәдениеті, денсаулық сақтау, халыққа білім беру салалары дамыды. Мемлекет тарапынан жағдайлар жасалды.Шалқар қала қалпына осы Төкең қызмет еткен жылдары келді: көшелеріне асфальт төселді,ағаштар егілді, қала халқы көгілдір отын (табиғи газ) мен көгілдір экранды осы кезде тұңғыш пайдалана бастады. Шалқар қаласында ірі ет комбинаты, минералды су шығару цехы, типтік жобадағы мектептер салынып, іске қосылды.
Осындай ізгі істердің басында отырған Төлеу Алдияровты Шалқар халқы 1963-1971 жылдары 2 рет Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесіне депутат етіп сайлады. Ордендері де өзі атқарған игі еңбектің куәсіндей жарқырады. Бәрінен бұрын халықтың ыстық ықыласы, ақ алғысына ештеңе жетпейді. Елі үшін еңбек еткен осынау қайраткер, абзал азаматты мәңгілік есте қалдыру мақсатында Шалқар халқы қаланың бір үлкен көшесіне Төлеу Алдияров есімін берді. Шалқар қаласының аудандық мұражайында Төлеу Алдияровқа арналған бұрыш-стенд бар. Дәл осы Шалқардағыдай қызметті ерен еңбектің үлгісін Төкең Ақтөбе қаласы, Алға, Темір және Қарабұтақ аудандары халқына көрсете білді. Сол үшін халқы оны сыйлайды, өзі де ел алдында үлкен абыройға, беделге ие болды.
Халқына адал қызметімен жаға білген Төкең өзінің жеке өмірін де қызғылықты, елге үлгі-өнеге боларлықтай деңгейде өткізген адам. Мәңгілік жанжолдасы Күләй жеңгеймен өнегелі өмір өткізіп, дүниеге 6 перзент (3 ұл,3 қыз) әкелді., Тілеубай, Баян, Сәуле, Тілеулес, Қасымбек, Зәуре және олардың қосақтары – Төкеңнің келін, күйеу балалары – оқыған, елге танымал, білікті, халық сыйлайтын абзал азаматтар.
Олардың қатарында академик, профессор, доценттер, ғылым кандидаттары, инженер, педагогтар, дәрігерлер, заң қызметкерлері, кәсіпкерлер, экономист-қаржыгерлер бар. Төкең өмірден ертерек кетсе де, мақсат-мұратына жеткен азамат. Көп жыл Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы жүйесін басқарған, Төкеңнің үзеңгілес жолдасы, досы Кеңес Нокин айтқандай «Уақыт өтеді, уақытпен бірге өтетіндер де , кететіндер де аз емес, алайда сол ең қатал уақытта да жеңдірмейтін бір нәрсе бар, ол –адамның адамгершілігі, азаматтығы, тұтас тұлға ретіндегі парасатты болмысынан қалатын іздер. Солар Төкеңді көрген, білген, сырласқан жүректерде, жалғасқан ұрпақтарының жадында ылғи да жаңғырып, жарқырап жүретін болады.
Өмір деректеріне қарап отырсаңыз, Төкең жиырмадан сәл асқан жаста-ақ басшылық қызметке араласыпты. Ал алғашқы партиялық еңбек жолын 29 жасында Темір аудандық партия комитетінен бастаған екен. Бұл сирек болатын құбылыс. Осы 1955 жылдары алғашқыда Темір аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, кейін екінші хатшысы қызметін атқарады. 36 жасында облыстың ұлан-ғайыр жерін алып жатқан Шалқар ауданына басшы болып келді. Нағыз қайнаған өмір міне осы кезде басталды. Әсіресе 1963-64 жылдардың қысы кімнің кім екенін көрсетті. Қоян жылында Төкең басқарған ауданның партия, кеңес қызметкерлері, кеңшарлар мен ұжымшарлар басшылары, мамандар мен мыңдаған еңбек адамдары жанкештілікпен осы ауданға жан бітірді десе де болады. Басқа аудандар көп шығынмен өтсе Шалқар ауданы Төкеңнің басшылығымен қыстан қысылса да аз шығынмен шықты. Оны мына цифрлар дәлелдейді. Ауданда бұрынғы ұсақ ұжымшарлар есебінен құрылған сегіз кеңшардың иелігіндегі (1966 жылы) жиырма төрт фермада 405 3704 гажер, оның 379 4816 гектарыжайылымдық болды. Осы жерлерде 180 мың қой түлігі бағып күтілсе, Төкең ауданға жетекшілікті аяқтаған 1973 жылы осы мал 271 мыңнан асып кетті. Өзге түліктер де екі есе көбейді. Шалқар ауданы облыста мал шаруашылығындағы жетекші өңірлердің біріне айналды. Төлеу Алдияровтың тұлғасы осы жылдары өзге аудан басшыларынан оқшау көрінгені айқын.
Ауданды Төкең 11 жыл басқарған екен. Мал шаруашылығын өркендетуден басқа мәдениет, денсаулық, халыққа білім беру салаларын дамытуға да аудан халқын бір кісідей жұмылдыра білді. Аудан осы жылдары облыс, республикада ғана емес, КСРО бойынша биік тұғырдан көрінді. Жарыс жеңімпазы атанып жыл сайын ауыспалы Қызыл Ту, грамоталар алып отырды. Шалқар ауданы тұрғындары кернеулі электр жүйесімен қамтамасыз етілді. Аудан халқы Бұқара-Орал газ магистралы арқылы табиғи газ отынын пайдалануға мүмкіндік алды. Осы жылдары аудан жұртшылығы көгілдір экран — телевизия арқылы Ақтөбе, Алматы, Мәскеу жаңалықтарын естіп көруге қолы жетті. Осының бәрі — ауданның бірінші басшысының іскерлігінің нәтижесі. Қала көшелеріне тұңғыш рет асфальт төселіп, ағаштар отырғызылды. Су құбыры, канализация жүйелері салынды. Автомобиль, әуе транспорты, басқа да шаруашылық орындары өркендеп дами түсті.
Төлеу Алдияров 1973 жылы 11 қазанда Қарабұтақ аудандық партия комитетінің пленумында бірінші хатшы болып сайланды. Шындығын айтсақ бұл аудан облыста артта қалған өңірлердің бірі болатын. Төкең осы ауданды 5 жыл басқарды. Ауданды алға шығарды. Мал шаруашылығымен айналысатын аудан болғандықтан мал өнімдерін интенсивті өндіру мақсатында кеңшарлардың бәріне дерлік ірі қара, қой бордақылайтын алаң салдыртты, ол тұрақты жұмыс істеді. Малдарды жедел бордақылау үшін жаз айларында витаминді көк майсаны үзбей беру мақсатында жүгері, суданка, күнбағыс егісінің көлемі ұлғайтылды.
1978 жылдан 1984 жылға дейін Төлеу Алдияров облыстық қаржы бөлімін басқарды. Бұл салада да ол өзін істің төркінін білетін нағыз қаржы саласының маманы ретінде көрсетті. Осында іскерлігі мен ұйымдастырушылық қабілетін ортақ міндеттерді шешуге жұмылдырып, облыстың белді саласын жоғары деңгейге көтере түсті. 6 жылда облыстық қаржы саласы Қазақ ССР қаржы министрлігінің алдыңғы қатарынан көрінді.
Қай жерде қызмет атқармасын Төлеу Алдияровтың есімі зор сүйіспеншілікпен, үлкен құрметпен аталады. Осының бәрі — халыққа қалтқысыз қызмет етуінің нақты үлгісі. Төкең қызмет істеген барлық аудан тұрғындары ол кісіні «Нағыз бірінші еді» деп осы күнге дейін еске алып отырады. Шынында да солай еді.
Открыть материалы в Облаке
https://cloud.mail.ru/public/HBsH/AVJjrBU9m
или
https://drive.google.com/drive/folders/1QbaGOCiepxyKal5E4j7E2MX_xhf8LzXh?usp=sharing
Это был человек с большой буквы!